Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Анатомия – медицина негізі

Жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің циклдік әдістемелік бірлестігі жыл сайын бірінші оқу жылындағы білім алушылармен «Анатомия – медицина негізі» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізеді. Осы жылы да биылғы түскен білім алушылар арасынан үздіктерді анықтау өзінің жалғасын 2021 жылдың 24 желтоқсанында «Емдеу ісі», «Акушерлік ісі», «Стоматология» және «Мейіргер ісі» мамандықтары арасында үздіктерді анықтау өзінің жалғасын тауып, анатомия пәні бойынша сайыс өтті.

Байқаудың мақсаты «Анатомия» пәні бойынша білімді, іскерлікті, логикалық ойлауды көрсету, білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды, онда білім алушылар өздерінің теориялық білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін көрсетті.  Байқау нәтижесі бойынша «Емдеу ісі» мамандығының білім алушылары Бас жүлдеге ие болды. Байқаудың барлық қатысушыларына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.