2022 жылдың 18 ақпанында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Бекжанов Берік Айдарбекұлы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұжымымен кездесу өткізді.
Жиынға Смайлов Балтабай Оспанұлы – Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары, Есенбек Арай Пердешұлы – «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қыдырбаев Бақыт Съездұлы – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі қатысты.
Кездесу алдында Мәжіліс депутаты колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты. Берік Айдарбекұлы білім алушыларға жасалған жағдайға жоғары баға берді.
Кездесу барысында Берік Айдарбекұлы Мемлекет басшысы алға қойып отырған міндеттерін іске асыру, алдағы реформаларды сапалы түрде заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы түбегейлі өзгерістер туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, Берік Айдарбекұлы жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, Парламаент Мәжілісінде аталған мәселелерді шешу бойынша талқылынатынын хабарлады.