«Жас ғалым» ғылыми – ізденіс конференциясы

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > «Жас ғалым» ғылыми – ізденіс конференциясы

2022 жылдың 18 ақпан күні  III-арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің он күндігінде жоспарға сәйкес фармацевтикалық пәндер оқытушылары Н.Несипбаев, А.Бухарбаева, Р.Акимбаеваның ұйымдастыруымен «Фармация» және «Стоматология» мамандықтарының білім алушыларымен«Жас ғалым» атты конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты: білім алушылардың оқу және ғылыми іс-әрекетінің бірлігін жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Конференцияда білім алушылар төмендегі тақырыптар бойынша баяндама жасады: «Шипалы киікоты», «Қос үйлі қалақайға фармакогностикалық талдау жасау», «Дәріханадағы мерчандайзинг негіздері», «Подсолнечное масло как основа для приготовления лекарственных форм», «Заманауи стоматологияда кеңінен қолданылатын анестетиктер».

Конференция барысында қатысушылардың баяндамалары қызу талқыланды.

Конференцияны фармацевтикалық пәндер оқытушысы С.Қаратаева қорытындылап, қатысушыларға арнайы сертификаттарды табыстады.