«Шаг вперед» атты сайыс

ІIІ арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің  онкүндік жоспарына сәйкес 2022 жылдың 17 ақпанында   стоматологиялық пәндерінің  оқытушылары К.Ордабеков, Б.Тлеппаев, К.Спабеков, М.Сейтов                 Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласындағы «Аверон» компаниясынын өкілдерімен бірге «Ортопедиялық стоматология» мамандығының                  ЗТ 20 «А» тобының білім алушылары арасында «Шаг вперед» атты сайыс өткізді.

Сайыстың мақсаты – білім алушылар арасында өз біліктілігін көрсетуге және   мамандыққа тереңірек қызығушылығын арттыру. Жасалған жұмыстардың бағалауын қалалық тіс техникалық лабораторияларының білікті мамандары жүргізді.

Қорытынды бойынша  I орынды З.Абдуллаев, II орынды Т.Авазханов,  III орынды Е.Құдайқұл иеленді. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

I орынды жеңіп алған З.Абдуллаев «Аверон» компаниясынын оқу орталығында өтетін халықаралық сайысқа қатысады.