Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Оқытудағы инновациялық технологиялар – білім беру жүйесі дамуының негізі

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Оқытудағы инновациялық технологиялар – білім беру жүйесі дамуының негізі

Қазіргі заман жағдайлары жоғары білікті маман даярлау кезінде білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, жақсы танымдық қасиеттерін ашуға ерекше назар аудару қажет екенін талап етеді.
Білім  алушыларды  шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің  нәтижесін көруге, оны бағалауға, сыни тұрғысынан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешу және рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау жағдайында танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында оқытушы оқыту үдерісінде  Блум таксономиясын қолдану өз тәжірибесіне енгізе білуі тиіс.

Осыны басшылыққа ала отырып 2022 жылдың 23 ақпан күні III-ші арнайы пәндер оқу-әдістемелік бірлестігінің апталығында    фармацевтикалық пәндер оқытушысы С.Каратаева «Арнайы пәндерді оқытуда  Блум таксономиясын қолдана отырып білім алушылардың білімін бағалау» тақырыбында  өз тәжірибесімен  бөлісу мақсатында семинар өткізді.

Колледж әріптестері арасында  өткізілген  семинар бастауыш оқытушылардың  педагогикалық шеберліктерін  арттыруға  өз үлесін қосты.