2022 жылдың 3 наурыз күні колледжімізде айтулы іс шара өтті. «Мейіргер ісі» мамандығы «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша кезекті бітіруші түлектерге диплом тапсырылды.
136 түлек мемлекеттік біліктілік емтихандарын сәтті тапсырып, салтанатты түрде «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша дипломын алды.
Колледж директоры Ғалымжан Мотайұлы Әбішев түлектерді құттықтай отырып: «Біз сіздердің жаңа білімдеріңіз бен күш-қуаттарыңызға және кәсіби біліктіліктеріңізге сенім арта отырып, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша ортақ істерге өз үлестеріңізді қосуға деген ниеттеріңізге сенеміз»,- деді.
Қорытындылай келе, директор түлектерге денсаулық, амандық және кәсіби жолдың табысты басталуын тіледі.
Түлектер атынан А.Батырбай және ата-аналар комитетінің атынан Г.Жорабекова колледж әкімшілігі мен ұжымына алғыстарын айтып, кәсіби табыс тіледі.