Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

12 Мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне арналған қалалық кәсіптік сайыс

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > 12 Мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне арналған қалалық кәсіптік сайыс

2023 жылғы 27 сәуір – 3 мамыр аралығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен Жоғары медицина колледжінде «Ең үздік  фельдшер», «Ең үздік  стационар мейіргері», «Ең үздік акушер», «Ең үздік лаборант», «Ең үздік патронаж мейіргер» номинациялары бойынша «Мейірбике ісінің үздігі» қалалық кәсіптік сайысы өтті.

17 медицина ұйымдарынан жалпы 39 медицина қызметкерлердің өтініштері қабылданды. «Теориялық білімді бағалау, тестілеу» 1 кезеңнен өтіп,  II және IIІ кезеңге 20 сайыскер қатысты. 03 мамыр күні II кезең – «Мамандығым – мақтанышым»  өзін өзі таныстыру»  және III кезең – «Жағдаяттық есептерді шығару: коммуникативті дағдыларды меңгере отырып, тәжірибелік іс әрекеттерді көрсету» өтті.

Сайыстын қорытындысы бойынша 5 номинациядан ең үздік маман иегерлері анықталды:

«Ең үздік  фельдшер» – Шакиров Канат Маханбеткулович, Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының №6 бекетiнің фельдшері;

«Ең үздік  стационар мейіргерi» – Куралбаева Гаухар Ергешовна, №1 Қалалық клиникалық аурухананың мейіргері;

«Ең үздік акушер» –  Танен Гаухар Қасымбекқызы, Қалалық перинаталдық орталығының акушері;

«Ең үздік лаборант» – Хопобаева Гульмира Мухаметхалиевна, Қалалық клиникалық балалар ауруханасының  зертханашысы;

«Ең үздік патронаж мейіргері» – Тайшабарова Бибигуль Серикбаевна, №3 Қалалық емхананың  патронаж мейіргері.

Барлық қатысушыларға және женімпаздарға диплом, сертификат және сыйлықтар тапсырылды. Қалалық сайысқа демеушілік көрсеткен «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалы (Р.С.Агниязова) және Қазақстан Республикасы «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Шымкент филиалы (Е.Т.Батырбеков).