2022 жылғы 5 қыркүйек күні колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында семинар тренинг өтті.
Семинарға Шымкент қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі Дулатова Гулбақыт Сейсенбекқызы, колледж директоры Абишев Ғалымжан Мотайұлы, сондай-ақ барлық қызметкерлер, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.
Семинар-тренингте сөз алған Дулатова Гулбақыт Сейсенбекқызы білімнің сатылмайтынын және жемқорлық бар жерде болашақ жоқ екенін атап өтті. Жүргізіп жатқан жұмыстар және алдағы уақытта атқарылатын міндеттермен қатар бүгінгі күнге қойылатын талаптарды жеткізді.
Колледж директоры Ғалымжан Мотайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелерін айтып, бағыт-бағдар берді, тәжірибесімен бөлісіп, нақты ұсыныстар енгізді. Белсенді жастардың құрамын көбейту керектігін, және оны көбейтуге арналған іс-шаралар жоспарын жария етті.
Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.