Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін базалық және кәсіптік модульдері меңгеруді көздейді:
Технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасайды. Өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі
Сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын қояды.
Дәрілік заттар мен дәріхана ассортиментінің тауарларын көтерме және бөлшек саудада өткізу, дәріхананың немесе дәріхана қоймасының бөлімдеріне басшылық жасау және ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді
Дәрілік препараттарды дайындайды және босатады, олардың сапасын бақылауды жүзеге асырады
Құзыреті шегінде фармацевтикалық қызмет саласындағы негізгі күрделілік санатының практикалық міндеттерін дербес шешеді, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін талдайды, ағымдағы және қорытынды бақылауды, бағалауды және түзетуді жүргізеді
Ұжым мен командада жұмыс істеу үшін қажетті коммуникативтік дағдылар кешенін меңгерген, әріптестерімен, басшылықпен, тұтынушылармен тиімді қарым-қатынас жасайды.
Салауатты өмір салтын жүргізеді және насихаттайды,денсаулықты нығайту, өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету үшін дене шынықтырумен және спортпен айналысады
Нормативтік-құқықтық базаның талаптарына сәйкес дәрілік заттарды, дәрілік өсімдік шикізатын және дәріхана ассортиментінің тауарларын қабылдауды, сақтауды ұйымдастырады
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және дәріханалық ассортименттің басқа да тауарларын халыққа және медициналық ұйымдарға береді
Сауда залын ресімдеуге қатысады. Санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Дәріханаішілік дайындамаларды дайындайды және кейіннен сату үшін дәрілік заттарды өлшейді
Дәріхананың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және жоғары фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған кезде дәріхана ұйымына басшылықты жүзеге асырады
Медициналық ұйымдарды дәріханада бар дәрілік заттар мен дәріхана ассортиментінің тауарлары туралы хабардар етеді