2022 жылдың 16 ақпан күні ІІІ циклдік әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес фармацевтикалық пәндер оқытушылары Р.Алматова мен Г.Бегеметованың ұйымдастыруымен «Дәріхана ұйымдарындағы мерчандайзинг» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар – фармация бөлімінің екінші курс білім алушылары, колледж оқытушылары және «ГСК КХ Қазақстан» ЖШС-нің медициналық өкілі Р. Каримова.
Аталған іс-шараның мақсаты – дәріханаларда мерчандайзинг әдістерін қолдануды көрсету және дәріхана бизнесін дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін талқылау.
«ГСК КХ Қазақстан» ЖШС-нің медициналық өкілі Р. Каримова «Зерде», «Europrma» сияқты дәріханаларда мерчандайзинг қаншалықты қолданып жатқаны мен оның дәріханаларға тиімділігі туралы айтып өтті.
Дөңгелек үстелдің модераторы Р.Алматова мерчандайзингтің әртүрлі әдістерін және оларды колледждің имитациялық дәріханасында қолдануды көрсетті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар атаулы мәселелерді белсенді талқылай отырып, мерчандайзинг қазіргі кезеңдегі фармацияны дамытудың негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады деген ортақ пікірге келді.