«Деструктивті діни ағымдардың ықпалын алдын-алу»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Деструктивті діни ағымдардың ықпалын алдын-алу»

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» бірлесе отырып қала аумағындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың ықпалын алдын-алу» мақсатында кездесулерді өткізуде. Осындай кездесу 24 наурыз күні колледжіміздің білім алушыларымен өтті.

Кездесуге  Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Қоғамдық келісім» бөлімінің басшысы Ә.Нұржан,  «Саяси қуғын сүргін құрбандары мешітінің» наиб имамы М.Тастанбеков, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» қызметкері Р.Қыпшақбаев және Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы А.Жолдасқызы қатысты.

Кездесу барысында дін және оның қоғамдағы орны, білімділік пен парасаттылық, деструктивті діни ағымдар туралы әңгіме жүргізілді. Деструктивті діни ағымдардың ықпалын алдын-алу туралы  теолог маман А.Жолдасқызы кеңінен тоқталып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.