Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген жекелеген тапсырмаларын орындау мақсатында, мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында 2023 жылғы 4 мамырда Шымкент жоғары медицина колледжінің оқытушылары мен білім алушылардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктанты жазылды.
Диктантты жазу мақсаты – Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген патриоттық рұхтағы ұрпақ тәрбиелеу, мемлекеттік тілді білу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Мемлекет басшысы жастарды қолдау, олардың тәрбиесі мен білімін және Қазақстанның адами капиталын арттыру үшін көп жұмыс атқаруда. Колледж ұжымы мен білім алушылары жаңа Қазақстанда жаңа ұрпақтан ел өміріне белсенді қатысатын әрбір жас тұлғаның, азамат және патриот ретінде өзін-өзі көрсету мүмкіндіктерін кеңейтетін жаңа бастамалар күтіп тұрғанын түсінеді.
Қорытындылай келе, өз Отанына, қазақ тіліне, қазақ елінің әдет-ғұрпы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік орта медицина мамандарын даярлау мен қайта даярлаудағы оқу-тәрбие процесінің ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өткім келеді. Біз бүкіл тарихымызда көптеген сынақтардан өткен өз еліміз бен халқымыз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз!