2023 жылдың 27- 31 наурыз аралығында фармацевтикалық пәндер ЦӘБ апталығы өтті. Апталық «Жаңға шипа, дертке дауа» атты көрмемен ашылды. Көрмеде оқытушылардың авторлық жұмыстары, пәндік үйірмелердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, үйірме мүшелері дайындаған оқу көрнекі материалдары ұсынылды.
28 наурызда «Фармация» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Фармацевт жұмысындағы тиімді коммуникативті дағдыларды зерттеу» тақырыбында дебат өткізілді. Пікір-сайыс барысында білім алушылар фармацевттің коммуникативтік дағдыларының негіздері бойынша білімдерін көрсетті.
Р.Ш. Ыскакованың 100 жылдығына орай «Фармация» мамандығы бойынша пәндік үйірме студенттері арасында ғылыми-теориялық конференция 29 наурызда өтті. Конференцияға қатысушылар үйірмелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша баяндамалар жасады.
30 наурызда «Фармация» мамандығының білім алушыларымен «Health Pharm» компаниясының медициналық өкілдері Р. Рахматуллаева және И.Ефремовамен кездесу өтті. Кездесу барысында білім алушылар халық арасында сұранысқа ие заманауи фармацевтикалық препараттармен таныстырылды.
Апталық Р.Ш. Ысқақованың туғанына 100 жыл толуына орай, «Мамандығым-мақтанышым!» эссе-байқауымен аяқталды. Сайысқа
1 курс білім алушылары қатысты. Байқау жеңімпазы ФЯ 22 «Б» тобының білім алушысы Мамурова Рухшона. Сайыскерлер өз жұмыстарында болашақ мамандықты таңдаудың маңыздылығын көрсетті. Байқауға қатысушылардың барлығы дипломдар мен сертификаттармен марапатталды.