Халықаралық олимпиада жеңімпазын құттықтаймыз!

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > Халықаралық олимпиада жеңімпазын құттықтаймыз!

«ҮЗДІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ЛАБОРАНТ»

Халықаралық олимпиада жеңімпазын құттықтаймыз!

     2024 жылдың 11 сәуірінде Талдықорған қаласында «Талдықорған жоғары медицина колледжінде»  «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша 

3-4 курс студенттері арасында «Үздік медициналық лаборант» халықаралық олимпиадасы өтті.

     Байқауға еліміздің барлық медицина колледждерінен 15 үздік студент 2 конкурстық кезеңнен өтіп іріктелді. Бұл халықаралық олимпиадаға Шымкент қаласы «Жоғары медицина колледжінің» бітіруші курс білім алушысы Абдукаримова Айнұр қатысты. Айнұр колледжіміздің намысын ТМД деңгейінде қорғап, жеңімпаздар қатарынан көрініп, 1-дәрежелі Дипломмен марапатталды.

    Абдукаримова Айнұрды осы халықаралық олимпиададағы жетістігімен құттықтаймыз, ғылыми жетекшілеріне алғыс айта отырып, білім мен ғылым саласында алдағы уақытта да табыстар тілейміз!

     Халықаралық олимпиаданы ұйымдастырушы Талдықорған жоғары медицина колледжінің ұжымына алғыс айтамыз!