Атырау жоғары медициналық колледжінің 75 жылдық мерей тойына орай 20.02.23-03.03.23 жыл аралығында «Инсульттен кейінгі өмір» атты білім алушылар арасында республикалық бейнеролик сайысы ұйымдастырылды. Аталған сайысқа біздің колледжімізден: Қуаныш Дидар (жетекшілері: Турбекова Б.С., Абдулла Т.Д., Ибрагим А.Е.), Ағабек Аружан (жетекшілері: Турбекова Б.С., Абдулла Т.Д., Асыл Д.Қ.,) және Жамбылова Мереке (жетекшісі: Бурибекова З.М.) қатысты.
Сайыс нәтижелері бойынша МБ 20 «Д» тобының білім алушысы Қуаныш Дидар II дәрежелі дипломмен марапатталды.
МБ 20 «А» тобының білім алушысы Ағабек Аружан және МБ 20 «Б» тобының білім алушысы Жамбылова Мереке алғыс хаттарымен марапатталды.