«Жер сілкінісі» тақырыбындағы Конференция

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Жер сілкінісі» тақырыбындағы Конференция

2023 жылдың 20 ақпанында арнайы пәндердің циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушылары Петраковская И.В.  және Жулекеев А.Қ. «Жер сілкінісі.  Жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбында студенттік конференция өткізді.  Конференцияға қатысқан қонақтар:   Жоғары медицина колледжі азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар инженері Қалдыбаев М.Т., әдіскер Жұмашев М.Н., арнайы пәндер ЦӘБ төрайымы Наурызбаева Г.У.  Конференцияда жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері айтылды.  Петраковская И.В. және Жулекеев А.К.  білім алушыларға  «Ұзақ уақыт қысылу синдромы» кезіндегі алғашқы медициналық көмек  барысын  көрсетті.  Қауіпсіздік басқармасының басшысы өрт сөндіргішті қолдану ережелерін көрнекі түрінде  нақты түсіндірді.  Білім алушылар  жер сілкінісі кезінде және жер сілкінісінен кейін қалай әрекет ету керектігін әңгімеледі.  Конференция соңында: «Жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері» атты бейнеролик көрсетілді.