Колледжде «Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан кету» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Колледжде «Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан кету» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

2023 жылғы 21 ақпан күні колледжде «Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі акушерлік қан кетулер» тақырыбында Акушериялық және хирургиялық пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушылары И. Қалжігітқызы мен Ж.К. Копбаева дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына «Сайрам аудандық орталық ауруханасына» қарасты перзентхананың бірінші дәрежелі санаттағы акушер-гинеколог дәрігері Н.М.Бекназарова және  Қалалық диагностикалық орталықтың УДЗ дәрігері Г.Әділханқызы, Шымкент жоғары медицина колледжінің оқытушылары Г.У.Наурызбаева, Д.Т.Курбаналиева, У.Б.Кеңесовалар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында оқытушыларға босанғаннан кейінгі кезеңде болатын қан кетулерді дер кезінде анықтап, қан кетумен күресу шараларын жедел және толық көлемде жүргізуді, клиникалық хаттамада босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетудің себебін анықтау алгоритмі, және себебіне байланысты көрсететін көмектің әр қадамы, қолданылатын  кешенді оперативті емдердің түрлері, техникасы түсінікті көрсетілді.

Білім алушылар дөңгелек үстел тақырыбына байланысты сұрақтар қойып, пән оқытушыларынан қажетті ақпарат ала алды.