«Үздік мейіргер – 2022» сайысы

Колледжіміздің I арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігі жыл сайын мамандарды даярлау бойынша кәсіби жарыстар өткізеді. Сондай-ақ биыл да 2022 жылдың 17 наурызында  «Үздік мейіргер – 2022» кәсіби сайысы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бітіруші топтары арасында өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушыларды даярлау сапасын бағалау және оны одан әрі жетілдіру. Кәсіби сайыстар білім алушылардың сапалы кәсіптік білім алуға мотивациясын арттыруға қолайлы жағдай туғызады, бұл оларға жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыруға және заманауи еңбек нарығында табысты бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Байқау бірнеше кезеңдерден өтті, онда білім алушылар өздерінің теориялық білімдерін және кәсіби шеберліктерін көрсетті. Бірінші кезең –  теориялық білімді бағалау компьютерлік тестілеу арқылы жүргізілді. Екінші кезең – қорытынды аттестация бойынша кәсіби шеберлік дағдыларын орындау. Онда дәрі-дәрмекті енгізудің парентеральді жолдарын, жедел көмекті ұйымдастыруды, жүрек-өкпелік реанимация шараларын және жарақат кезіндегі алғашқы көмекті тәжірибе жүзінде көрсетіп шыңдады.

Байқау нәтижесі бойынша максималды бал жинаған МБ 19 «А» тобының командасы «Үздік мейіргер – 2022»  сайысының жеңімпазы болды. Жеңімпаздарға колледждің бастауыш білім алушылар кәсіподағы атынан бағалы сыйлықтары табысталды, қалған командалар қатысқаны үшін диплом, алғыс хаттармен марапатталды.