Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Мамандығым – мақтанышым

 

Колледжде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мамандығым – мақтанышым» атты  «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр біліктілігімен «Мейіргер ісі» бөлімінің ҚБ 21 «Б» тобымен оқытушы Айдана Үсенқызы Шерхан ашық класс сағатын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың мамандығына деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігін сезіндіру, медициналық этика және деонтолонгия, эмпатия ережелерін сақтап терең білімді, жоғары білікті, кәсіби маман болуларына, пациенттер мен қоғам алдында мейіргерлердің алатын орны өте маңызды екендігін көрсету.

Класс сағатында білім алушылар алғаш рет мейіргер ісін дәрігерлік қызметтен мамандық ретінде бөліп көрсеткен, мейіргер мамандығының негізін қалаған ағылшындық Флоренс Найтингейл туралы, мейіргер мамандығының қоғамдағы алатын орнын,  неге дәл осы оқу орнын және осы мамандықты таңдағанын, осы салада қызмет ету арқылы елімнің дамуына қандай үлес қоса аламын деген сауалдарға өздерінің ой-пікірлерін айтып, ақ халатты абзал жандар туралы қазақ, орыс, түрік тілдерінде өлең шумақтарын орындады. Мейіргердің рөлі туралы көрініс көрсетті.  Класс сағаттың соңында білім алушылар «Ақ халатты абзал жандар» әнін орындады.

Класс сағаты санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілді.