Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

«Микробиология, гигиена-зертханалық диагностика» пәндер бірлестігінің оқытушылары 13-17 қараша аралығында бір апта өткізді

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Микробиология, гигиена-зертханалық диагностика» пәндер бірлестігінің оқытушылары 13-17 қараша аралығында бір апта өткізді

2023 жылғы 13 қараша күні басталған «Микробиология, гигиена-лабораториялық диагностика» циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы өз мәресіне жетті.
16 қараша күні «Қызылша ауруының алдын алу» тақырыбында колледж білім алушыларымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында гигиена пәнінің оқытушылары Ғ.А.Сыдығалиева, Г.С.Нуриева және колледжіміздің қосымша білім беру бөлімінің оқытушысы З.Ш.Есенгараева қаламызда қызылша ауруы бойынша көрсеткіштерге тоқтала отырып, алдын алу шараларының тиімді жолдарын айтты.
17 қараша күні «Лабораториялық диагностика» мамандығы, «Медициналық лаборант» біліктілігі бойынша «Үздік лаборант» сайысы өтті. Сайысқа тәуелсіз сарапшы болып ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама оралығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының бактериологиялық зертхана жетекшісі, дәрігер бактериолог Б.А.Искакова қатысты.
Сарапшылар сайысқа қатысушылардың тәжірибелік іс-дағдыларына оң бағасын бере отырып, ЛД 21 А тобының білім алушысы Абдукаримова Айнұрды үздік деп таныды.