Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Оқытушылар арасында референдумды түсіндіру жұмыстары

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Оқытушылар арасында референдумды түсіндіру жұмыстары

27 мамыр күні Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.Ташқараев, «АMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, «АMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Есенбек 5 маусым күні өтетін референдум туралы түсіндіру жұмыстары бойынша колледж оқытушыларымен  кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ғани Абдуғаниұлы мен Жанар Әлібекқызы  оқытушыларға референдумның өткізу мақсаты, Қазақстан Республикасының Конституциясының 33 бабы жаңа редакцияда, яғни, осы бабтарға өзгерістер енгізілетіні туралы нақты айтып өтті. Оқытушыларды  Жаңа Қазақстанды құру үшін референдумға қатысқаны абзал деп, барлықтарыңыз 5 маусым күні сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге шақырамыз деді.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар оқытушылардың  сұрақтарына жауап берді.

Колледж оқытушылары Қазақстан Республикасының Президентін референдумды өткізу туралы бірауыздан қолдап, шетте қалмайтындықтарын және алдағы референдумға белсенді қатысатындықтарын білдірді.