Қаңтар педагогикалық оқулары дәстүрге айналды

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Қаңтар педагогикалық оқулары дәстүрге айналды

Колледж оқытушыларының кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру, шығармашыл ұстаздарды, олардың озық педагогикалық тәжірибесін анықтап, таратуға ықпал ету және орта буынды медицина қызметкерлерді даярлау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерімен таныстыру мақсатында 2022 жылғы 19 қаңтарда «Кредиттік-модульдік оқыту жүйесі бойынша   кәсіби білім беруде  оқытудың жаңашыл технологияларын колданудың  ерекшеліктері» тақырыбында колледжде онлайн режимінде дәстүрлі қаңтар педагогикалық оқулары басталды.

Әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.Дәрібаева негізгі баяндама жасап, білім беруді ұйымдастырудың соңғы үлгісі ретінде оқу үдерісіне кредиттік-модульдік оқыту технологиясын енгізу және пайдалану туралы ережелерін жүзеге асыруға бағытталған заманауи талаптарға тоқталды. Тақырып аясында оқытушылар Н.Төрехулова, А.Имамадиева, Е.Кашкинова және М.Байдалиева сөз сөйледі.

Одан әрі оқытушылар М.Сайлауова, Н.Несіпбаев, Е.Ештаев, Ш.Ізбасарова, Д.Қожаналиева, Г.Әсілбекова инновациялық технологиялар мен кредиттік-модульдік оқыту әдістерін қолдану арқылы шеберлік сабақтарын көрсетті.

Қорытындылай келе, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Сұлтанов педагогикалық оқулардың бірінші күнінде қойылған міндеттер орындалғанын атап өтті. Білімалушылардың маңызды құқықтарының бірі – сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін әрбір оқытушы кредиттік-модульдік білім беру жүйесі жағдайында заманауи оқу құралдарымен жұмыс істей білуі керектігіне тоқталды.