Референдумды түсіндіру жұмыстары

20 мамыр күні колледж білім алушылары және оқытушыларымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры, референдумды түсіндіру Қоғамдық штабының ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі   Ә.Нысанбаев кездесу өткізді.

Кездесу барысында Әділет Әділбекұлы білім алушыларға референдумның өткізу мақсаты, Қазақстан Республикасының Конституцияға қандай өзгерістер енгізілуі туралы атап өтті. Білім алушыларға Жаңа Қазақстанды құру үшін референдумға қатысқаны абзал деп, жастарды            5 маусым күні сайлау учаскелеріне барып, өз пікірлерін білдіруге шақырды.            Кездесу соңында Ә.Нысанбаев білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.