Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Сапа саласындағы саясат және мақсаттары

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Сапа саласындағы саясат және мақсаттары

Сапа саласындағы саясат және мақсаттары

Басты мақсатқа жету үшін колледж келесі мәселелерді шешеді:

  • Жоғары сапалы мамандар дайындау есебінен білім беру қызметі нарығында колледждің болашаққа бедел-бейнесін қамтамасыз ету;
  • Түлектердің біліктілігінің жұмыс берушілер талаптарына сай келуін қамтамасыз ету;
  • Тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдарының тікелей қатысуымен жасалған кәсіби стандарттар мен құзыреттілік  тәсілдеріне негізделген білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • Бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мақсатымен жұмыс берушілермен  серіктестік қарым-қатынасты дамыту;
  • Білім алушыларды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету басымдықтарын ескеріп оқыту;
  • Білім алушыларда кәсіби маңызды сапаларды дамыту және олардың оқу әрекеттерінің нәтижелеріне жауапкершілігін арттыру;
  • Мейірбике ісі мамандарын европа нұсқауларына (директиваларына) сәйкес дайындау;
  • Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және қайта дайындаудың Типтік бағдарламаларына сәйкес арттыру;
  • Білім беру технологияларының барлық түрлерін кеңінен қолдану;
  • Он-лайн сервистер, кітапхана, дәрісхана құрумен толық ақпараттандыру;
  • Мамандарды дайындау сапасын бақылауды жетілдіру;
  • Колледждің материалдық-техникалық базасын жаңалап жетілдіру;
  • Оқу-клиникалық базаны дамыту;
  • Мамандар мен институционалды әлеуетті күшейту;
  • Заманауи сапа менеджменті негізінде колледжді басқару құрылымын  оңтайландыру: сапа менеджменті жүйесін ұдайы жетілдіру

Сапа саласындағы мақсаттары

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында медициналық және мейірбикелік білім берудің бұдан әрі дамуын қамтамасыз ету
  • Қазақстан Республикасында білім беруді ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қамтамасыз ету
  • Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатымен алыс және жақын шетелдердегі Жоғары медицина колледждерімен  бірлесіп жұмыс жасауды жалғастыру
  • Техникалық және кәсіптік, сонымен бірге орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау үшін клиникалық база құру
  • Медицина колледждеріне қабылдау мен іріктеудің жаңа жүйесін ендіру бойынша іс-шаралар өткізу
  • Білім беру процесінің субъектілері жүзеге асырылатын өндірістік жағдайлардың сапасын арттыру
  • Профессорлық-оқытушылар құрамының 100% мерзімінде біліктілікті арттыру курстарынан өтуін және олардың қызметтері мен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету
  • Қажетті оқу-әдістемелік құжаттардың толық болуын қамтамасыз ету
  • «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» білім беру бағдарламасы бойынша оқу және ғылыми әдебиеттер қорын толықтыру
  • Колледж түлектерінің дайындық сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету
  • Студенттер үлгерімінің сапа көрсеткішін төменгі курстарда кемінде75% және жоғары курстарда кемінде 85% шамада болуын қамтамасыз ету
  • Кәсіби бағыт беру жұмысымен облыс пен қаланың жалпы білім беру мектептерінің барынша мүмкін санын қамту
  • Колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің дайындығы мен жүйелі түрде біліктілігін арттыруын 20%-ға қамтамасыз ету
  • Білім алушылардың үлгерімін 98%-ға ал білім сапасын 75%-ға дейін арттыру мақсатымен оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістері мен формаларын ендіру
  • Түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігін олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу арқылы 91%-ға дейін қамтамасыз ету
  • Білім алушылардың кәсіби дайндығының сапасын жыл сайын тәжірибе өту базаларының санын 10%-ға арттыру арқылы арттыру
  • Білім алушылардың білім беру қызметіне қанағаттануын бағалау мақсатында оларға сауалнама жүргізуді қолдану
  • Колледждің ішкі құрылымы мен материалдық-техникалдық жабдықталуын жетілдіру
  • СТ РК ИСО 9001-2016 талаптарына сай болу және сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін үнемі арттыру
  • Сапа менеджменті жүйесі жұмысының тиімділігін ұйымдастыру мақсатында колледждің барлық қызиеткерлерін бірыңғай ақпараттық кеңістікпен қамтамасыз ету

Колледж басшылығы басты стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасауды, осы сапа саласындағы саясатты барлық қызметкерлердің назарына жеткізуді, түсіндіру мен жүзеге асыруды өз міндетіне алады. Сапа саласындағы осы саясатты жүзеге асыру  колледж ұжымының әрбір мүшесінің міндеті мен ар-ожданы болып табылады.

Сапа саласындағы саясат

Жоғары медицина колледжі орта технкалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі салада білім беру қызметін және жұмыс жасап жүрген мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі қосымша білім беру қызметін жүзеге асырады.

Миссия

Қазақстан Республикасының орта кәсіптік және орта білімнен кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай орта медициналық және фармацевтикалық мамандар дайындау.

Колледждің басты стратегиялық мақсаты

Мемлекеттің, қоғамның, денсаулық сақтаудың заманауи жүйесінің талаптарын қанағаттандыра алатын және ұдайы өзгеріп отыратын нарықтық орта жағдайында өзін жеке тұлға және кәсіби маман ретінде көрсете алатын, тәжірибеге бағытталған білімі бар,  жоғары білікті мамандарды дайындау.