Ағымдағы жылдың 20-31 желтоқсан аралығында жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің циклдік әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтті. Онкүндік барысында ашық және көрсеткіш сабақтар, дөңгелек үстел, зияткерлік конкурс, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізілді.
Онкүндік ФР 21 «Д» тобының білім алушылары мен ЦӘБ оқытушыларының қатысуымен «Пациенттің функционалдық жағдайын бағалау» пәні бойынша «Тыныс алу жүйесі ауруларын зерттеу әдістері» тақырыбында шеберлік-сыныбын өткізумен аяқталды.
Сабақ офлайн режимде іскерлік ойын әдісін пайдалануымен өтті, онда клиникалық көріністерге, бактериялық және вирустық инфекциялардың берілу жолдары, сонымен қатар тыныс алу ауруларын анықтаудың диагностикалық әдістеріне қатысты мәселелер талқыланды. Тыныс алу жүйесі ауруларының дифференциалды диагностикасы жүргізілді. Бұл аурулардың алдын алуға, атап айтқанда вакцинацияға көп көңіл бөлінді. Иммунобиологиялық препараттардың түрлері мен олардың пайдасы жан-жақты талданды.