«WorldSkills Shymkent – 2023»

2023 жылғы 18 сәуір күні Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжінің» базасында  «Медициналық зертханашы» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Shymkent – 2023» өңірлік чемпионаты өтіп жатыр.

Чемпионатқа қатысуға Шымкент қаласы бойынша медицина колледждері арасынан  төрт бітіруші курстан білім алушы өтініш берді:

  1. Бердіхан Әсел, Шымкент қаласының «Жоғары медицина колледж».
  2. Корбацкова Алевтина, ТОО «Авиценна атындағы жоғары медицина колледж».
  3. Саидакаримова Юлдузхан, «Шымкент көпсалалы колледж».
  4. Эргешова Умида, «Сайрам медицина колледж».

Чемпионат қатысушылары «Зертханалық гематологиялық зерттеулер», «Зертханалық микробиологиялық зерттеулер», «Зертханалық санитарлық-гигиеналық зерттеулер» және «Зертханалық биохимиялық зерттеулер»  модульдерінен тәжірибелік іс-дағдыларын көрсетеді.

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!