«Басты байлық – денсаулық»

2023 жылдың 5 сәуірінде Түркістан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Басты байлық – денсаулық» тақырыбында конференция өткізілді.Конференцияға арнайы пәндер оқытушылары З.Абдукасымова, П.Ерматова, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алушылар Е.Дәулет, Е.Амангелді, М.Қарлыбаев, Б.Оспан және «Фармация» мамандығының студенттері А.Айсекенова, З.Абжалиева, Д.Бекзатова қатысты.

Конференция аясында колледж оқытушылары мен білім алушылары «Жүрек-өкпе реанимациясы» тақырыбында мастер-класс көрсетті.

Конференцияға қатысушылар жүрек-өкпе реанимациясы алгоритмін орындау техникасымен танысты.

Конференцияны ұйымдастырушылар колледж басшылығына және конференцияға қатысушыларға алғыстарын білдірді.