«Госпитализацияға дейінгі кезеңдегі жедел коронарлық синдром және гипертониялық криз кезіндегі шұғыл медициналық көмек»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Госпитализацияға дейінгі кезеңдегі жедел коронарлық синдром және гипертониялық криз кезіндегі шұғыл медициналық көмек»

2023 жылдың 04 сәуірінде ЦӘБ апталығы аясында оқытушылар Е.Кешубаева, З.Абдукасымова «Госпитализацияға дейінгі кезеңдегі жедел коронарлық синдром және гипертониялық криз кезіндегі шұғыл медициналық көмек» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына «SERVIER» фармацевтикалық компаниясының медициналық өкілі З.Избасарова, №3 қалалық емхананың ЖТД дәрігерлері А.Оразова,    С.Испулова, бөлім меңгерушілері А.Баянбаева, Г.Дауренбекова және ЦӘБ оқытушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында госпитализацияға дейінгі кезеңдегі жедел коронарлық синдром және гипертониялық криз кезіндегі шұғыл медициналық көмек, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мәселелері талқыланды.Шақырылған қонақтар дәлелді медицинаға негізделген ЖИА, ЖКС, артериялық гипертензияны емдеу үшін қолданылатын жаңа дәрілік препараттардың көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдерімен таныстырды.