9 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмаларын түсіндіру және орындау жөніндегі жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Шымкент қаласының әлеуметтік нысандарын аралады.
Ералы Лұқпанұлы ШЖҚ МКК «Жоғары медицина колледжінде» Денсаулық сақтау министрі А.Цой, қала әкімі М. Әйтенов және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позиловпен бірге болды. Сапар барысында Премьер-Министрдің орынбасары оқу үдерісімен танысты, хирургия, акушерия, терапия және педиатрия бойынша клиникаға дейінгі практика кабинеттерін қарап шықты. Сондай-ақ, Ералы Лұқпанұлы хирургия, акушерия, гинекология, неонатология және терапия сияқты орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бөлімі кабинеттерінің жұмысына баға берді.
Сапар соңында Премьер-Министрдің орынбасары колледж ұжымына табыс тіледі.