Зерттеу жұмысы арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Зерттеу жұмысы арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

2022 жылғы 28 сәуірде Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК базасында «Зерттеу жұмысы арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» Халықаралық студенттер ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Конференцияға Саха Республикасының (Якутск қ.), Татарстан Республикасының (Казань қ.), Ресей Федерациясының (Волгоград қ.), Тәжікстан Республикасының (Душанбе қ.) және Қазақстан Республикасының 15 оқу орнының студенттері мен олардың жетекшілері қатысты

Колледж директоры Ғ.М.Әбішев конференция жұмысына қызығушылық пен белсенділік танытқан медициналық колледж студенттеріне, олардың жетекшілеріне, оқу орындарының басшылары мен әдіскерлеріне алғыс білдірді.

Конференциясының жұмысына Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Ж.Бекбауова, Шымкент қаласы  білім басқармасының әдістемелік бөлім басшысы М.А.Медетбекова, Шымкент қаласы  білім басқармасының ТжКББ бөлімінің бас маманы Ж.Б.Алтаева,  Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік бөлімінің әдіскері Э.Н.Исаева қатысты.

Жалпы конференцияға 109 студенттердің жұмыстары ұсынылды. Барлық жұмыстар сараптамалық комиссия мүшелерімен қаралды.

Конференция қатысушылары баяндамаларды тыңдап, талқылады, зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша пікір алмасты. Өткізілген іс-шара студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында кәсіби дағдыларын жақсартуға, болашақ орта буын мамандарын даярлауға ықпал етеді деген қорытындыға келді.

Бүгінгі конференция өзінің басты мақсатына жетті – шетелдік оқу орындарымен халықаралық байланыстарды дамыту, білім беру процесін жетілдіру, халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, мамандарды даярлау сапасын арттыру және студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.