16 қараша күні «ІІ-арнайы пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушысы А.Б.Ерназарова «Жастар арасында ЖИТС ауруының алдын алу» тақырыбында колледж білім алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесуге Шымкент қ. ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нан дәрігер-эпидемиолог Ы.Р.Мусаев және эпидемиолог көмекшісі Ш.Елшібай қатысты.
Кездесу барысында ФР 19 «Б» тобының білім алушысы Ж.Бағысбай «Жастар арасында ЖИТС ауруы» тақырыбында баяндама оқыды. Дәрігер-эпидемиолог Ынтымақ Рүстемұлы тақырыпқа сай презентация жасап, бейнероликпен білім алушыларға жан-жақты мағлұмат берді. Эпидемиолог көмекшісі Шохан Елшібай АИТВ-ға экспресс тест арқылы талдау әдістері қалай жүргізілетіндігі көрсетіліп, түсіндірілді.
Іс-шара санитарлық талаптарға сәйкес өткізілді.