2023 жылдың 30 мамыр күні үздік педагогтарды анықтау, олардың кәсіби өсуі мен жеке тұлғалық көрінісін ынталандыру, педагогтың оң имиджін қалыптастыру және жұмысқа мониторинг жүргізу мақсатында, Жоғары медицина колледжінде «Жылдың үздік оқытушысы» байқауы өткізілді.
Қазылар алқасы «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалының төрайымы Агниязова Рита Сәкенқызы мен Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік бөлімінің әдіскері Исаева Ақерке Сәрсенбекқызы барлық қатысушыларға оң баға беріп, олардың ұсынылған жұмыстары жоғары деңгейде дайындалғанын атап өтті. Барлық қатысушылар жоғары эрудицияны, өздерінің педагогикалық шеберлігін, кәсіби құзыреттілігін, жан-жақтылығын шебер көрсетті және кез келген жағдайдан ұтымды шықты.
Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар алғыс хаттармен және ақшалай ынталындыру сертификаттармен марапатталды. Жылдың үздік оқытушысы болып «Терапиялық пәндер» оқытушысы Ерматова Перизат Ниязбекқызы танылды, ауыспалы статуэтка мен колледж кәсіподақ ұйымының атынан 50 мың теңге сертификатына ие болды.
Колледж ұжымы Перизат Ниязбекқызының байқаудағы лайықты жеңісімен құттықтайды!