Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

«Адамдар тауар емес!» тақырыбындағы кездесу

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Адамдар тауар емес!» тақырыбындағы кездесу

Шымкент қаласының білім басқармасы «Әдістемелік орталығының» қоғамдық емес ұйымдарымен бірлескен жоспарына сәйкес 14 сәуір күні колледждің білім алушыларымен «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері Ш.Юсупжанова мен Е.Битанов кездесу өткізді.  Кездесу «Адамдар тауар емес!» тақырыбы аясында өтті.

Ш.Юсупжанова мен Е.Битанов білім алушыларға кез келген азаматтың құлдық пен қанауға түсу қауіпі бар, шетелге қауіпсіз шығу және онда болу туралы жедел желі бойынша тегін және құпия түрде осы қоғамдық бірлестіктен  кеңес алуға болатындығы туралы айтып өтті. Қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері білім алушыларға «Адамдар тауар емес!» және «Азаматтыққа ие болу – әрбір тұлғаның құқығы!» атты буклеттер таратты.

Кездесу соңында Ш.Юсупжанова мен Е.Битанов білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.