«Көңілді және тапқырлар клубының» (КВН) сайысы

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Көңілді және тапқырлар клубының» (КВН) сайысы

 13 сәуір күні колледжде бөлімдер арасында КТК (КВН) сайысы өтті. Оған 5 команда қатысты. Олар – «Емдеу ісі» бөлімінің «SHMK.KZ», «Меіргер ісі» бөлімінің «ТАҢ ҚАЛМАҢЫЗ», «Стоматология» бөлімінің «ТІС ПЕРІШТЕЛЕРІ», «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр біліктілігімен «Мейірбике ісі» бөлімінің «БАЙДЫҢ ҚЫЗДАРЫ» және «Фармация, лабораториялық диагностика» бөлімінің «ФАРМLIFE» командалары. Сайыс үш кезеңнен өтті: «Топтың сәлемдесуі», «Интеллектуалды жаттығу»  және «Үй тапсырмасы».

Бас жүлдені «Емдеу ісі» бөлімінің «SHMK.KZ» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз бен қатысушылар колледж директорының Грамоталарымен марапатталды, ал білім алушылар кәсіподақ ұйымы оларға қаржылай сыйлық табыс етті.