Үздік фельдшер – 2022

«7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне» орайластырылған жалпы кәсіптік және арнайы пәндер  оқытушылары Г.Молдабекова, П.Ерматова, З.Абдукасымова, З.Мухамбетова және Е.Кашкинованың ұйымдастыруларымен колледжіміздің  «Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» біліктілігінің бітіруші  курс білім алушылары арасында «Үздік фельдшер -2022» сайысы  өтті.

Сайысымыздың мақсаты – қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, кәсіби біліктілігі жоғары болашақ маман иесін даярлау.

Сайыс төрт  кезең бойынша өтті.

Бірінші кезеңде «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында әрбір сайысқа қатысушылар қысқаша презентацияны бейне баян арқылы қорғады.

Екінші кезең «Ой жүйрік».   Бұл кезеңнің мақсаты – қатысушының клиникалық, логикалық ойлау қабілетін анықтау.

Үшінші  кезең  «Ұшқыр ой» – «Ішкі аурулар» пәнінен жағдаяттық есепке дұрыс болжам диагноз қою.

Төртінші  кезең  «Кім жүйрік» – «Ішкі аурулар»  пәнінен зертханалық тексерулер нәтижесінде талдама жасау.

Сайыстың қорытындысын директордың оқу-өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі  орынбасары  Г.Ешова жасады.

Сайыстың қорытындысы бойынша I орынды «Mediator» тобы, II орынды «Vita»,  III орынды «Newlife» тобы иеленді.

Сайысқа қатысушыларға колледж директоры атынан Грамота тапсырылып, білім алушылар кәсіподағы ұйымының атынан бағалы сыйлықтар табысталды.