Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және аитв/житс–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және аитв/житс–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу

18 мамыр күні колледжде жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы А.Қалмурзаева, Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының  жедел уәкілі, полиция майоры Б.Карбеков, «Серғали-Түркістан» РҚБ-нің «Жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу» жобаның үйлестірушісі Е.Әбуталиев, «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» маманы Н.Жүргенбаева, Шымкент қаласы ДСБ ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығының» нарколог дәрігері М.Одман, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, жекпе-жектен қалалық облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, жекпе-жектен Азия чемпионы А.Имамов, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Р.Аитов, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің аға жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Б.Садыков, «Әділдік жолы» РҚБ-нің Шымкент қаласындағы филиалының  басшысы А.Кесебаева, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Б.Садибеков қатысты.

Кездесуде қатысушылар өз салалары бойынша баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, жастар арасында буллингті болдырмау, есірткіден аулақ болуды, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға шақырды. Білім алушыларға «Нашақорлыққа жол жоқ!», «АИТВ/ЖИТС алдын алу!», «Буллинг дегеніміз не?», «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыбында буклеттер тарқатылды.

Кездесуге қатысушылар жиналыс соңында білім алушылар мен оқытушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.