2023 жылғы 19 сәуір күні колледжде «Өзіңді тану – өмірді тану» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренингке колледж білім алушылары қатысты.
Тренинг барысында әр адамның тағдыры өздерінің қолдарында екендігі түсіндіріліп, өмірдің мәні, отбасылық құндылықтары, психологиялық көңіл- күй, дос пен қоршаған ортаның маңыздылығы туралы білу керектігін айтылып, түрлі психологиялық жаттығулар орындап, кері байланыс жасалып, талқыланды.
Тренингті Жастар ресурстық орталығының инспекторы Қ.Бөгенбай, тәжірибелі гештальт-психолог, психология ғылымының докторы, доцент С.Асанова жүргізді.