Білім берудің модульдік –кредиттік технологиясында білім алушылардың оқыту деңгейі базалық және кәсіби құзіреттерді қалыптастыру үшін базалық және кәсіби модульдерді дамытуды көздейді.
Жұмыста және өзін-өзі дамытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданады
Жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды.
Пациентке / клиентке және оның отбасына денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша кеңес беру дағдыларын меңгерген.
Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын қояды.
Стоматологиялық көмек көрсету процесінде пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларды ұстанатынын көрсетеді.
Өз іс-әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік алады, сондай-ақ оң жұмыс жағдайын қолдайды.
Технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады.