Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру және жалпы білім беруді жаңғырту толығымен педагог кадрлардың өзгерістерге дайындығына байланысты. Педагогикалық оқулардың екінші күні осы мақсатқа арналды.
ҚР БҒМ бағдарламасы аясында Педагогикалық оқулардың бірінші жартысында оқытушылар Л.Алтыбаева, Ұ.Жиембекова, А.Ерназарова, А.Сапарова, А.Байтакова, А.Бухарбаева, А.Шынтай, А.Амангелді, Б.Қалиева, Р.Әкімбаева, Н.Ералиева, Ж.Үсінбекова, С.Асылбаева, А.Шерхан, К.Қасымова және Ф.Сырлыбай КЕАҚ «TALAP» ұйымдастырған «Кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында академиялық дербестікті ескере отырып, оқу процесін модельдеу» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өту бойынша баяндамалар жасады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары арқылы академиялық дербестік беру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ оқу үдерісіндегі академиялық дербестік пен цифрлық технологиялар тұрғысынан инклюзивті білім берудің негізгі аспектілері қарастырылды.
Педагогикалық оқулардың екінші жартысында колледж психологы Т.Орозбекқызы «Педагогпен білім алушының арасындағы сенімді, мәдениетті қарым-қатынас жасау техникалары» тақырыбында баяндама жасап, «Өз санаңның психологы бол» тақырыбында тренинг өткізді.
Педагогикалық оқулардың екінші күнін колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Султанов қорытындылады. Ол педагогикалық оқулардың барлық қатысушыларына мазмұнды баяндамалары үшін алғысын білдірді. Ол, негізінен, колледждің академиялық дербестікке дайын екендігін, жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіптік стандарттар негізінде және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, білім беру мерзімі мен траекториясын анықтауға дайын екендігін атап өтті. Биыл колледж білім алушыларды физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан қабылдауды жоспарлап отыр.