2022 жылдың сәуір айының 27-29 аралығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен Жоғары медицина колледжінде «Мейірбике ісінің үздігі» қалалық кәсіптік сайыс «Ең үздік фельдшер», «Ең үздік стационар мейіргері», «Ең үздік акушер», «Ең үздік лаборант», «Ең үздік патронаж мейіргер» номинациялары бойынша өтті.
Сайыс үш кезенде өтті:
– I кезең – «Теориялық білімді бағалау, тестілеу»;
– II кезең – «Мамандығым – мақтанышым» өзін өзі таныстыру»;
– III кезең – «Жағдаяттық есептерді шығару: коммуникативті дағдыларды меңгере отырып, тәжірибелік іс әрекеттерді көрсету».
18 медицина ұйымдарынан жалпы 39 медицина қызметкерлердің өтініштері қабылданды. «Теориялық білімді бағалау, тестілеу» I-ші кезеңнен өтіп, II және IIІ кезеңге 23 сайыскер қатысты. Сайыстын қорытындысы бойынша 5 номинациядан ең үздік маман иегерлері анықталды:
«Ең үздік фельдшер» – Тургумбаев Канат Аманбаевич, Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының №6 бекетiнің фельдшері;
«Ең үздік стационар мейіргерi» – Козыкеева Айсулу Турабаевна, қалалық перзентхананың мейіргері;
«Ең үздік акушер» – Жанабаева Толганай Икматовна, Қалалық перинаталдық орталығының акушері;
«Ең үздік лаборант» – Ускенбаева Фатима Сейдаханқызы, Қалалық клиникалық балалар ауруханасының зертханашысы;
«Ең үздік патронаж мейіргері» – Байменова Сауле Амановна, №11 Қалалық емхананың патронаж мейіргері.
Барлық қатысушыларға және женімпаздарға диплом, сертификат және сыйлықтар тапсырылды. Қалалық сайысқа демеушілік көрсеткен «AQNIET» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Шымкент қ. филиалы (Р.С.Агниязова) және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Шымкент қ. филиалы (Е.Т.Батырбеков).