«Біздің таңдауымыз – салауатты өмір салты!»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > «Біздің таңдауымыз – салауатты өмір салты!»

I арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің жоспарланған онкүндігіне сәйкес арнайы пәндер оқытушылары М.Байдалиева, А.Шерхан, С.Асылбаеваның ұйымдастыруымен колледжімізде «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша II курс білім алушылары арасынан 4 топша құрылып, «Біздің таңдауымыз салауатты өмір салты» атты флэшмоб байқауы өтті.

Сайыс барысында әр топша өз командаларының аты мен ұранын таныстырып, жарыстың тартымды кезеңінде қол жуу техникасы бойынша флэшмоб ұйымдастырды. Қорытындылау кезеңінде «Таза қол – құтқарылған өмірлер» атты бейнежазба көрсетілді.

Сайыс соңында топтар 1,2,3 орын және де көрермен көзайымы номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды.