М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі

Колледж кітапханасының ұйымдастырумен жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында М.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылық қызметі, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі жайлы мағлұмат бере отырып, колледж білім алушылары көркем сөз оқып, әндер айтып, бірнеше шығармаларынан, атап айтқанда, «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Кім кінәлі?», «Үйлену», «Қараш-қараш оқиғасы», «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» трагедиясы, «Айман-Шолпан» пьесасынан үзінді көріністер қойды.