29 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітапхананың ұйымдастыруымен «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы аясында «Мен оқыдым, сенде оқы!» атауымен «BOOKCROSSING» – кітап алмасу акциясы жүзеге асырылуда. Өтіп жатқан шараның мақсаты – әлеуметтік желіге байланған жастардың кітап оқуға деген талпынысын ояту, кітапты талғаммен оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге көмектесу.
Бұл дәстүрлі акцияның ерекшелігі – біздің колледждің оқырмандары өзінің оқыған кітаптарын басқа оқырмандармен бөліседі.
Оқырмандарға белгілі уақыт аралығында буккроссинг жүйесі туралы кітапханашылар тарапынан ақпарат беріліп, ат салысқан оқырмандар кітаптарын әкеліп, өз ой-пікірлерімен бөліседі.