Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша барлық емдеу ұйымдарында «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» тақырыбында дінтанушы (теолог) мамандардың қатысуымен медицина қызметкерлерімен кездесулер өтуде.
Осындай кездесу Жоғары медицина колледжінде де өтті. Білім алушылармен дінтанушы И.Х.Танкишева кездесу өткізді. Кездесу барысында Индира Хусанқызы діни экстремизмнің тарау жолдары, жастар арасында діни сауаттылықтың төмендігі мен жастардың еліктеушілігі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлеуметтік желілер діни экстремизмнің таралуында жиі қолданылады. Сондықтан, жастарды желілерде таралып жатқан хабарламаларға өте мұқият болуы керек екенін ескертті.
Кездесу соңында И.Х.Танкишева білім алушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Кездесу санитарлық талаптарға сәйкес өткізілді.