Колдеджде алғыс айту күніне орай «бауырсақ party» мерекелік іс –шара өткізілді.

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > Жаңалықтар > Колдеджде алғыс айту күніне орай «бауырсақ party» мерекелік іс –шара өткізілді.

2024 жылғы 1 наурыз күні колледжде Алғыс айту күніне орай «Бауырсақ Party» іс – шарасы өтті. Іс – шараға колледждің барлық білім алушылары қатысты.
Колледж директоры Ғалымжан Мотайұлы барлық колледж ұжымына және білім алушыларына алғысын білдірді.
Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі.
Іс – шарада әр ұлт өкілдерінен жинақталған білім алушылары өздерінің алғыс-тілектерін, құттықтауларын өлең жолдарымен жолдады.