«мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігінің түлектеріне диплом табысталды

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > «мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігінің түлектеріне диплом табысталды

2024 жылғы 29 ақпан күні колледжімізде айтулы іс шара өтті. “Мейіргер ісі” мамандығы “Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры” біліктілігі бойынша кезекті бітіруші түлектерге диплом тапсырылды.
68 түлек мемлекеттік біліктілік емтихандарын сәтті тапсырып, салтанатты түрде «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша дипломын алды.
Колледж директоры Ғалымжан Мотайұлы Әбішев түлектерді құттықтай отырып: «Біз сіздердің жаңа білімдеріңіз бен күш-қуаттарыңызға және кәсіби біліктіліктеріңізге сенім арта отырып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша ортақ істерге өз үлестеріңізді қосуға деген ниеттеріңізге сенеміз»,- деді.
​​Қорытындылай келе, директор түлектерге денсаулық, амандық және кәсіби жолдың табысты басталуын тіледі.
Түлектер атынан А.Журымбаева, У.Сарыпбек Т.Лесбек, А.Ағабек және ата-аналар комитетінің атынан Н.Есебаев, Е.Асембаев, З.Болешова колледж әкімшілігі мен ұжымына алғыстарын айтып, кәсіби табыс тіледі.