25 наурыз күні І арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес «Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушылары Д. Курбаналиева және Ж.Копбаеваның ұйымдастыруымен «Контрацепция әдістері» тақырыбында «Акушер ісі» мамандығының 2 курс білім алушылары арасында конференция өтті.
Конференция мақсаты – білім алушыларға контрацепция әдістерінің түрлерін, көрсеткіштерін, әсер ету механизмін, артықшылақтары мен кемшіліктері жайында ақпарат беру. Конференция барысында білім алушылар – А.Герасимова «Гормональды контрацепция», С.Тешебаева «Жатыр ішілік контрацептивтер», М.Амзеева «Контрацепцияның тосқауылдық әдістері», М. Жамалбек «Контрацепцияның химиялық әдістері» тақыбырыптарында баяндамалар жасады. Баяндамалар білім алушылар арасында қызу талқыланды.
Конференцияны «Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушысы Д.Курбаналиева қорытындылап, іс-шараға белсенді қатысқан білім алушыларға сертификат табыстады.