Әбішев Ғалымжан Мотайұлы

director@shmk.kz
+7 (7252) 53-09-10 (100)
1 қабат 107 кабинет

Әбішев Ғалымжан Мотайұлы

Директор, экономика және бизнес магистрі, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Қабылдау күндері

Сейсенбі, Бейсенбі

Қабылдау уақыты

16:00 – 18:00

Өмірбаян

1995 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медициналық институтын аяқтап, дәрігер-гигиенист, эпидемиолог мамандығын иеленген.

2006 жылы Алматы Экономикалық Университетінің сырттай оқу бөлімінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (Мемлекеттік басқару бакалавры) мамандығы бойынша бітірген.

 2018 жылы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтап, «Экономика және бизнес магистрі» академиялық дәрежесі берілген.

  Еңбек жолын мамандығы бойынша 1995 жылы Түркістан аудандық санитарлық–эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог болып бастаған.

1996–2003 жылдары Түркістан қалалық санитарлық–эпидемиологиялық станциясында дәрігер-гигиенист, дәрігер-эпидемиолог, эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі, 2003-2005 жылдары ОҚО туберкулезге қарсы диспансерінде эпидемиологиялық мәселелері бойынша бас дәрігердің орынбасары.

2005-2006 жылдары Орта Азиялық Сервистік Топтың Филиалы, Шымкент қаласы, «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС-ң санитарлық дәрігері болып жұмыс атқарған. 2006-2008, 2010-2014ж.ж. мемлекеттік қызметте: ОҚО мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды қадағалау бөлімінің бас маманы, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық жұмысты үйлестіру бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.

2009-2010, 2014-2017ж.ж. «Құралдарды  және медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарды залалсыздандыру орталығы» МКК директоры.

  2018-2019ж.ж. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

 2019-2020ж.ж. ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, 2020 жылғы 2 қыркүйегінен Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2021 жылғы 24 ақпаннан Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Жоғары медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.

Марапаттар

  • • 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», 2020 жылы «Халық алғысы» мерекелік медальдарымен наградталған
  • • 2007 жылы ҚР ДСМ-ң «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», 2014 жылы ҚР денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін», 2017 жылы ҚР ДСМ-ң «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілері тапсырылған