Шымкент қаласының ДСБ
ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

Психологиялық тренинг – «Менің көңіл-күйім»

Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК > жаңалықтар > Психологиялық тренинг – «Менің көңіл-күйім»

16.02.-21.02.2023 жыл аралығында колледж психологтары  Н.Турекулова, Г.Сахова колледждің 1-2- курс білім алушыларына  «Менің көңіл-күйім» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты білім алушылардың өз мінезіне басшылық жасай алуын, көңіл-күйін игере білу және басқару,  көңіл-күйдің қоршаған ортаға, адамның денсаулығына әсерін түсініп, сезінуге, бір-біріне деген сенімділігін артып, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

Тренингке қатысушылар әртүрлі психологиялық жаттығулар жасай отырып, әңгімелесу, сұрақ-жауап, тілегін білдіру арқылы өз ойларын ортаға салып өз мінезіне басшылық етуді, адамдармен қарым-қатынаста көңіл-күйін игеруді және басқаруды үйренді.