2022 жылғы 21 қараша күні колледжде 1 курс білім алушылар арасында «Тарих өткенге сабақ, келешекке өнеге» тақырыбында әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Маханова Халида Кеңесовна бастаған емдеу ісі және стоматология бөлімінің білім алушыларымен сайыс өткізілді.
Сайыс сабақтың мақсаты: білім алушыларды патриоттық сезімін оята тұрып, ел тарихын тереңірек түсіну.
2022жылғы 22 қараша күні «Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік – экономикалық пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында психология пәнінің оқытушысы Г.К. Сахова білім алушылармен «Біз біргеміз – берік іргеміз» атты психологиялық тренинг өткізді.
Психологиялық тренингтің мақсаты – білімалушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, өз-өзіне деген сенімділігін, жағымды қатынасты арттыруға, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған. Тренинг жаттығулары білімалушылардың бірін-бірі түсінуін, өзін жетілдіру, өзін-өзі тануын дамытады.
Тренинг барысында білім алушыларға өз өміріне жауапкершілікпен қарауға, өзін саналы түрде басқарудың жолдары айтылды. Сонымен қатар қатысушыларға психологиялық жаттығуларды орындап, түрлі тұлғалық қабілеттерін арттырды. Эмоциялық тұрғыда ішкі жан дүниесімен жұмыс жасап, сезім мен эмоцияның айырмашылықтарын анықтады.
Оқытушы Г.К. Сахова «Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі» деген даналық сөзбен тренингті қорытындылады.
2022 жылғы 23 қараша күні колледжде «Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында Қазақстан тарихы пәнінен оқытушы Ә.М.Әділбай ЛД 22 «Б» тобымен
«1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ «саралап деңгейлеп оқыту технологиясы» бойынша жүргізілді. Сабақ барысында «Сен маған, мен саған», «Ой қозғау», «Фишбон», «Егжей-тегжейлі баяндау» әдістері мен электронды ойын түрлері қолданылды.
2022 жылғы 25 қараша күні «Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында «Адалдық алаңы» тақырыбында құқық негіздері пәнінің оқытушысы Қожаналиева Дүйсенкүл Алейдарқызы «Гигиена және эпидемиология» мамандығы білім алушышыларымен дөңгелек үстел өткізді. Іс – шараның мақсаты білім алушылармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы сұхбаттасу.
Іс-шара барысында білім алушылар сыбайласқан жемқорлыққа қатысты өз пікірлерін, көзқарастарын салған суреттері, жазған эссе, өлеңдері арқылы білдірді. Іс-шара ұйымдастырушыларына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сұрақтарына жауап алған қатысушылар, осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұру қажеттігі туралы қорытындыға келді.